«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Сарыоба ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Сарыоба отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1 наурыз – Алғыс айту күні

Сарыоба орта мектебінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне байланысты іс- шаралар өткізілді. Ақпанның 22-24 аралығында «Жылу» қайырымдылық акциясы жүргізілді. 6-9 класс оқушылары мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, пәтерлерін жинап, аулаларының қарларын ашып тазалады. Оқушылар Кулпан апай, Алла әжей, Жанатхан атайдың үйлеріне көмек берді. Сонымен қатар «Ата-анам, алтын тұғырым» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеде оқушылар өз ата-аналарына деген сүйіспеншіліктері мен құрметтерін көрсетті. «Қазақстан- бақыт мекені», «Благадарность не знает границ» тақырыбында өлең және шығармалар жазды. А-5 класс. 4 сынып оқушылары арасында «Әдептілік белгісі- иіліп сәлем бергені» тақырыбымен тәрбие сағаты өткізілді. Жетекшілері Абил Н, Силам Д, Келимбетова Г.К, Шукенова Н.А. Тәрбие сағатында оқушыларға әдептілік пен ізеттілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету мәдениеті туралы айтылды. 6А сыныбы сынып жетекшілерімен бірлесе отырып сынып сағатын өткізді. Онда оқушылар жүрекшелерге алғыстарын білдіріп, қабырғаға жапсырса, тағы бір жүрекшеге әр пәннен сабақ бетерін мұғалімдеріне алғыстарын білдіріп кабинеттердің есіктеріне ілді. Мектеп кітапханашысы Абелдинова А.М  «1 наурыз Алғыс айту күні» атты көрме ұйымдастырды. Оқушылар қойылған материалдар бойынша сұрақтар қойып, жауаптар алды.

Жаңартылған күні: 02.03.2020 22:46
Құрылған күні: 02.03.2020 22:46

Текст