«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Сарыоба ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Сарыоба отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сарыоба орта мектебінде жүргізілген "Кәсіптік бағдар беру бойынша өткізілген жұмыстар туралы ақпарат.

Сарыоба орта мектебінде жүргізілген "Кәсіптік бағдар беру бойынша өткізілген жұмыстар туралы ақпарат.

 

Оқушыларға кәсіби бағдар беру және болашақ мамандығын анықтап алуға ықпал жасау- мектеп алдында тұрған міндеттердің бірі. Сондықтан, мектепте 2019-2020 оқу жылына кәсіби бағдар беру жұмысының жоспарын құрылып жұмыстар жүргізілді.

Мектебімізде кәсіби бағдар беруге арнайы кабинет жоқ. Мектеп дәлізінде стенд ілінген. Онда 9-10 сынып түлектеріне арналып қала, облыс, республика бойынша жоғары оқу орындарының, колледждердің тізімі және мамандықтар тізімі ілінді.

 Кәсіптік бағдар беру барысында 5-7, 8-10 сынып оқушыларымен  «Мамандық таңдау», «Мамандық таңдау – маңызды іс», «Техникалық мамандықты таңда!», «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» бейнероликтері және «Кәсіптік мамандықтар сыр шертеді», «Мамандықтар әлемінде», «Мамандығым - мақтанышым», «Кім болам?», «Мамандықтың бәрі жақсы», «Мамандықты дұрыс таңдау – болашақты таңдау» тақырыптарында сынып сағаттары , дөңгелке стол, презентациялары жыл бойы көрсетіліп келеді.

Мамандық таңдау бұл адам өміріндегі маңызды, қиын және жауапты қадам.

       Мектеп оқушыларының мамандық таңдауда дұрыс бағыт алу мәселесі мектептің психологиялық қызмет аясында жүргізілетін аса жауапты да маңызды жұмыстарының бірі. 

  Қаңтар айында Нұрсұлтан қаласында оқитын өзіміздің мектепті бітірген түлегіміз Кулибаба А. 9-10 сынып оқушылармыен кездесіп оқып жатқан колледжі туралы мәлімет берді. Мамандықтар туралы үлестірмелер таратып, оқушыларға ақпарат берді.

       Мектеп жасындағы жасөспірімдерге өзінің болашағын таңдауға келгенде көп  ықпал ететін ата-ана мен ұстаз. Сынып жетекшілер "Кәсіби өзін-өзі анықтаудағы ата-аналардың рөлі» атты тақырыпта ата-аналар жиналысын өткізіп ата-аналардың ойын тыңдап өз кеңестерін беріп отырады.

9,10 сынып оқушылармен Сабақ-презентация  «Мамандық және мамандық туралы түсінік. "Қайда оқуға болады?" атты дөңгелек үстел"өткізілді. Жыл бойы сынып сағаттары: "Мамандықтар әлемінде», "Бізге ұсынатын мамандықтар", " Мамандықты таңдау формуласы. Мамандық таңдау кезіндегі типтік қателер мен қиындықтар" және т. б өткізілді.Нәтижелері сынып жетекшілер мен ата – аналарға таныстырылып, кеңес берілді.

Жаңартылған күні: 16.05.2020 00:39
Құрылған күні: 16.05.2020 00:39

Текст