«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Сарыоба ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Сарыоба отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Аршалы аруы-2023» байқауы болып өтті.

2023 жылдың 06 наурыз күні білім бөлімінің жоспарына сәйкес,  Волгодоновка ауылындағы клубта  8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай  «Аршалы аруы-2023» байқауы болып өтті. Мектебімізден 9-сынып оқушысы Манарбек Арай қатысып, «Кербез ару» номинациясымен  марапатталды. Үміткерлер 5 кезеңнен тұратын сайыста бақ сынады. Аудандық шараға жалпы білім беру ұйымдарының оқушыларынан 9-11 сынып оқушыларынан 11 үміткер қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Сәлемдесуден басталған сайыста қыздардың өздерін таныстыруы сынға салынса, төл тарихымыздан және қазақтың салт –дәстүрлері бойынша қойылған сауалдардарға жауап іздеп, мақал –мәтел айтудан жарысты. Бұдан соң өнерпаздар мың бұрала билеп, ән мен жырдан шашу шашты. Қазылар алқасы он саусағынан бал тамған аспаз қыздар пісірген тағамдардан дәм ауыз тиіп, арулардың аспаздық өнеріне баға берді. Сайысқа қатысушылар дипломдармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Жаңартылған күні: 10.03.2023 16:18
Құрылған күні: 10.03.2023 16:18

Текст