«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Сарыоба ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа № 2 села Сарыоба отдела образования по Аршалынскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

хаттама №1

Хаттама №1
 

«Жалпы білім беретін Сарыоба орта мектебі» ММ қамқоршылық кеңесінің отырысы


 

Күн тәртібінде қаралған мәселелер: 03.09.2018
 

1. 2017-2018 оқу жылындағы ата-ана комитеті төрайымының есебі.

2. Ата-ана комитеттері мен қамқоршылық кеңес мүшелерінің міндеттері.
 

3. 2018-2019 оқу жылында қамқоршылық кеңесін құру нұсқаулығымен таныстыру, қамқоршылық кеңесінің төрайымы мен мүшелерін сайлау. 
 

4. Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын талқылау, бекіту.
 

Қатысқандар: 40

ата-аналар комитеттерінің төрайымы
 

1. Тыңдалды: 
 

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ата-аналар комитетінің төрайымы Мусина Г. 2017-2018 оқу жылында ата-аналар комитет мүшелерімен бірлесе атқарылған жұмыстардың есебін берді. Жыл бойынша мектепішілік іс-шаралар: «Алтын күз», «Кел, Жаңа жыл!», «Тілдер мерекесі» «Наурыз» т.б. өткізілген іс-шараларға қатысып, қолдау көрсетті. Шешімі: Келесі оқу жылында да ата-аналар комитеттерінің жұмыстары жүргізілсін
 

2. Тыңдалды: 
 

 Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Жалпы білім беретін Сарыоба орта мектебі» ММ ата-аналар комитеті төрайымы тыңдалды. 2017-2018 оқу жылында қомқорлық кеңестің мүшелерне  9 адам тағайындалған болатын,

мектепте 1-11 сынып ата-аналар комитеттерінің төрайымдарына ата-аналар

комитеттері мен қамқоршылық кеңесінің міндеттері мен атқаратын іс-әрекеттері жайлы айтты. Мусина Гулбарам - қамқоршылық кеңес мектептің өзін-өзі басқару органы болып табылатынын және мектептің қызметі мен дамуына жәрдемдесу үшін құрылатынын айтып өтті. Қамқоршылар кеңесі мектептегі балалардың қажетіне пайдаланылатын материалдық жағдайын қамтамасыз ету, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, мектепке жабдықтар, материалдар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер сатып алуға көмектесу үшін құрылады. 2017-2018

оқу жылында қомқорлық кеңестің мүшелеріне  9 адам тағайындалған болатын, бірақ қамқорлық кеңес жұмысын биылғы жаңа оқу жылында осы 9 ата-ана жалғастыратынын айтты.
 

Шешімі: Ата-аналар комитетінің төрайымы Мусина Гулбарамның айтқан ақпаратына назар аудару.
 

3. Тыңдалды: 
 

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесін құру нұсқаулығымен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Амангелді М толық таныстырып өтті. 2018-2019 оқу жылында қамқорлық кеңесінің төрайымы мен мүшелерінің сайлауы өтіліп, қамқоршылық кеңестің

құрамына былтырғы 9 адам мүше болып қайтадан тағайындалды.
 

1.Мусина Гулбарам - төрайымы
 

2.Ахметова Динара - мүшесі 
 

3. Окопова Рая - мүшесі 
 

4.Рахимжанова Зарина - мүшесі 
 

5. Бородулина Татьяна - мүшесі
 

6. Макаренко Ирина - мүшесі 
 

7. Шалатай Майра - мүшесі 
 

8. Халел Шынаргул - мүшесі 
 

9. Серикова Марина - мүшесі 
 

Шешімі: Қамқоршылық кеңестің төрайымы мен

мүшелері тағайындалып, бекітілсін.
 

4.Тыңдалды: 
 

Күн тәртібіндегі төртінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Жоспар ата-аналар арасында талқыланып,

таныстырылды. 
 

Шешімі: Жоспардағы іс-шаралар мерзімге сай орындалсын.
 


 


 

Ата-аналар комитетінің төрайымы:          Мусина Гулбарам
 


 

Хатшы:           Шукенова Н.А

 

Жаңартылған күні: 08.04.2019 17:34
Құрылған күні: 08.04.2019 17:34

Текст